2 сағат бұрын
Дастан Сатпаевтың «Бернлимен» екінші матчы күтілуде
Англия Кубогының екінші турында «Брэдфорд Сити» мен «Бернли» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды тікелей эфирде көруге болады.
«Брэдфорд Сити» турнирдегі жолын бірінші раундта «Рочдейлді» 2:0 есебімен жеңуден бастады. Ал «Бернли» «Ноттс Каунтиді» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, «Брэдфорд Сити» Англия чемпионатының үшінші деңгейіндегі Бірінші лигада өнер көрсетсе, «Бернли» Чемпионшипте ойнайды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың бұл кездесуге қатысуы мүмкін. Ол 23 тамызда «Бернли» сапында Чемпионшиптегі дебютін жасап, «Вест Бромвичке» қарсы матчта 57-минутта алаңға шыққан. Алайда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz