23 сағат бұрын
«Андерлехт» — «Қайрат»: Брюссельдегі шешуші матч қашан өтеді?
Бельгияның Брюссель қаласында 27-нен 28 тамызға қараған түні Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Андерлехт» пен «Кайрат» арасындағы жауапты матч өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командалар алғашқы ойында Алматыда кездесіп, «Андерлехт» 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Бельгиялық клуб сапында Лукаш Амброс (24-минут) пен Даниил Сикан (45+1) гол соқты. Сонымен қатар «Қайрат» құрамындағы Яакко Оксанен автогол авторы атанды.
Алматыдағы кездесудің 38-минутында «Қайрат» он ойыншымен қалды. Александр Широбоков тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Жауапты матчта жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Ал жеңілген клубтың еурокубоктағы жорығы Конференция лигасының негізгі кезеңінде жалғасады.
Айта кетейік, «Қайрат» еурокубоктағы маусымын Чемпиондар лигасынан бастап, үшінші іріктеу кезеңінде жарыстан шығып қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz