3 сағат бұрын
«Бернли» бапкері бүгін Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
Фото: «Бернли» футбол клубы
«Бернли» Англия кубогы аясында «Вэлли Пэрейд» стадионында «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуге негізгі құрамда алаңға шығатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл тізімге қазақстандық 18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев енгізілді. Ол «Бернли» сапында алғаш рет бастапқы құрамда матчты бастайды. Ол бұған дейін ағылшын клубында «Вест Бромвичпен» чемпионшиптің екінші турындағы матчта дебют жасады. Футболшы 57-минутта ойынға қосылып, жасыл алаңда 33 минут өткізген. Содан кейін Бернли 1:3 есебімен жеңілді.
Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде «Челси» командасына толыққанды қосылды. Осы уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетті.
Лондондық клуб оны бір жылға «Бернлиге» жалға берді.
Біздің серіктес: Sport12kz