1 сағат бұрын
ҚПЛ-ға жолдама бүгін шешілуі мүмкін
Бүгін, 27 тамызда Семейде Қазақстан Бірінші лигасының 20-туры аясында «Елімай М» мен қарағандылық «Шахтер» арасында матч өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады. Кездесуді осы жаңалықтан тікелей эфирде көруге болады.
19 матчтан кейін «Шахтердің» еншісінде 52 ұпай бар және команда турнир кестесінде бірінші орында тұр. Ал «Елімай М» 12 ұпаймен 13-сатыда келеді.
«Шахтер» бүгін жеңіске жеткен жағдайда ҚПЛ-ға мерзімінен бұрын жолдама алады.
Қарағандылық клуб соңғы турда «Астана М» командасын 4:0 есебімен жеңіп, жеңісті сериясын 12 матчқа жеткізді. Ал «Елімай М» өз алаңында «Ақтөбе М» командасынан 2:5 есебімен жеңілді.
Біздің серіктес: Sport12kz