Матч орталығы
Ла Лига Футбол Расинг Расинг 22:00 Бүгін Эльче Эльче Бундеслига Футбол Бавария Бавария 23:30 Бүгін Штутгарт Штутгарт Лига 1 Футбол Лилль Лилль 23:45 Бүгін ПСЖ ПСЖ Серия А Футбол Милан Милан 23:45 Бүгін Венеция Венеция Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 00:00 Ертең Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Кристал Пэлас Кристал Пэлас 00:00 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Испания Испания 00:00 Ертең Португалия Португалия Примейра-лига Футбол Риу Аве Риу Аве 00:15 Ертең Спортинг Спортинг Ла Лига Футбол Алавес Алавес 00:30 Ертең Вильярреал Вильярреал Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 16:30 Ертең Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 16:30 Ертең Ноттингем Форест Ноттингем Форест Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 16:30 Ертең Суонси Суонси Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 17:00 Ертең Жетісу Жетісу Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Ертең Алтай Алтай Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 18:30 Ертең Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Майнц Майнц 18:30 Ертең Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Кельн Кельн 18:30 Ертең Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Унион Унион 18:30 Ертең Айнтрахт Айнтрахт Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 18:30 Ертең Байер Байер Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 19:00 Ертең Миллуолл Миллуолл

14 сағат бұрын

ҚФФ «Тобыл» және «Қайсардың» кездесу күніне қатысты түсініктеме берді 

ҚФФ «Тобыл» және «Қайсардың» кездесу күніне қатысты түсініктеме берді 

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы «Тобыл» және «Қайсар» кездесу күнінің ауыстырулуына байланысты ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

\Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тобыл» және «Қайсар» командалары арасындағы Премьер-лиганың 21-туры матчының заңсыз түрде ауыстырылғаны туралы мәлімдемелер мен жарияланымдардың таралуына, сондай-ақ аталған кездесудегі төрешілікке қатысты сұрақтарға байланысты Қазақстан футбол федерациясы түсініктеме беріп, ресми ұстанымын білдіруді қажет деп санайды.

Матчты 2026 жылғы 9 тамыздан 25 тамызға ауыстыру туралы шешім «Тобыл» футбол клубының УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты қабылданды.

Бұл негіз жарыс регламентінде қарастырылған және Қазақстан клубтары халықаралық турнирлерге қатысқан жағдайда қолданылады.

Сонымен қатар матчтың ҚФФ тарапынан «Қайсар» ФК-мен келісілместен, біржақты тәртіпте ауыстырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл жайттар ресми хат алмасумен расталады:

4 тамызда «Тобыл» ФК Жарыстарды өткізу дирекциясына матчты 9 тамыздан 25 тамызға ауыстыру туралы ресми өтініш жолдап, оған «Қайсар» ФК-ның қарсылық білдірмейтіні туралы хатын қоса тіркеді;

5 тамызда «Қайсар» ФК матчты ауыстыруға келісімін ресми түрде растады және чемпионаттың күзгі бөлігінің күнтізбесін ескере отырып, 24 немесе 25 тамыз күндерін өзі ұсынды;

7 тамызда ҚФФ екі клубқа да матчтың 25 тамызға ауыстырылғаны туралы ресми түрде хабарлады.

Осылайша, белгіленген күн «Қайсар» ФК-ға біржақты тәртіпте таңылған жоқ. Керісінше, 25 тамыз күні клубтың өзі ресми түрде ұсынған күндердің бірі негізінде белгіленді.

Матчты өткізуге қатысты барлық қажетті ұйымдастырушылық мәселелер тиісті мемлекеттік органдармен және оны өткізуге жауапты тараптармен де келісілді.

Бұдан бөлек, матчтың ауыстырылуына байланысты «Қайсар» ФК-ның қосымша шығындарын «Тобыл» ФК толық көлемде өтеді. Осылайша матчтың ауыстырылуы «Қайсар» ФК үшін кездесудің өткізілу күнінің өзгеруіне байланысты қаржылық шығындарға алып келген жоқ.

ҚФФ ресми құжаттарға қайшы келетін және жанкүйерлер арасында Федерацияның әрекеттері туралы жалған түсінік қалыптастыратын ақпараттың таралуын жол берілмейтін жағдай деп санайды.

Қазақстан футбол федерациясы төрешілік сапасына қатысты мәселелерге де мұқият қарайды және матчтағы даулы эпизодтарға байланысты жанкүйерлердің алаңдаушылығын түсінеді.

Төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаменті «Тобыл» – «Қайсар» кездесуі барысында болған негізгі эпизодтарға егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері, соның ішінде даулы сәттердің кадрлық талдауы және қабылданған төрешілік шешімдердің негіздемесі KFF_TV ресми арнасында қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.

ҚФФ төрешілік мәселелеріндегі ашықтық деңгейін жүйелі түрде арттырып келеді. Осы маусымның басынан Федерация Премьер-лига матчтарындағы негізгі төрешілік шешімдерге тұрақты түрде жария талдау жүргізу тәжірибесін енгізді.

ҚФФ күнтізбені келісу рәсімдерін одан әрі жетілдіруді, төрешілер корпусы жұмысының ашықтығын арттыруды және Премьер-лиганың барлық клубтары үшін ешбір ерекшеліксіз бірыңғай қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

Еске салсақ, Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекторлық департаменті 2026 жылғы Премьер-Лиганың 24-турындағы матчтарға қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.


Біздің серіктес: Sport12kz