2 сағат бұрын
«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
2026/27 жылғы маусымда Конференция лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсететін барлық 36 клуб белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жалпы кезеңге мына командалар қатысады:
«Аталанта» (Италия), «Брага» (Португалия), «Аякс» (Нидерланд), «Фрайбург» (Германия), «Монако» (Франция), «Копенгаген» (Дания), «Мидтьюлланн» (Дания), «Црвена Звезда» (Сербия), «Гент» (Бельгия), «Панатинаикос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Брайтон» (Англия), «Лугано» (Швейцария), «Хетафе» (Испания), КуПС (Финляндия), «Твенте» (Нидерланд), «Борац» Баня-Лука (Босния және Герцеговина), «Сент-Трюйден» (Бельгия), «Бранн» (Норвегия), «Хартс» (Шотландия), «Қайрат» (Қазақстан), «Трабзонспор» (Түркия), «Университатя» Крайова (Румыния), «Рига» (Латвия), «Хайдук» (Хорватия), «Яблонец» (Чехия), «Норшелланн» (Дания), АГФ (Дания), «Интер» Эскальдес (Андорра), «Тун» (Швейцария), ЦСКА София (Болгария), «Кауно Жальгирис» (Литва), «Мьельбю» (Швеция), «Иберия 1999» (Грузия), «Эгнатия» (Албания) және «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар).
Осылайша, Қазақстан чемпионы «Қайрат» еурокубоктағы жолын Конференция лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.
Турнирдің жалпы кезеңі 15 қазанда басталып, 17 желтоқсанда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz