12 сағат бұрын
Жасұлан Әмір Қазақстан құрамасы нақты тізіміне енгізілді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізіміне бірқатар ойыншылар енгізілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, Шымкенттің «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Исмаил Бекболат ұлттық құраманың алдағы матчтарға арналған қорытынды тізіміне кіреді. Оған қоса Әбинур Нұрымбет пен Азамат Тұяқбаев бұл жолы Қазақстан жастар құрамасында ойнайды, - деп жазды ол.
Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында алдағы екі матч өткізеді. 26 қыркүйекте қазақстандықтар Фарер аралдарына қарсы ойнаса, 29 қыркүйекте Словакия құрамасымен сырт алаңда кездеседі.
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының біліктілігінде өнер көрсетуді жалғастырады. 25 қыркүйекте құрама Англиямен кездессе, 29 қыркүйекте Дублинде Ирландияға қарсы ойнайды, Ал 6 қазанда Молдовамен қонақта жасыл алаңға шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz