11 сағат бұрын
Астанадағы жекпе-жекте Сәкен Бибосынов намибиялық боксшыны жеңді
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіби мансабында үшінші жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол Астанадағы IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде намибиялық Иммануэль Джозефпен (18-4-1, 7 КО) шеберлік байқасты.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептеліп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Бибосыновтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша Сәкен Бибосынов кәсіби мансабында үшінші жеңіске жетті. Ал Иммануэль Джозеф бесінші жеңіліске ұшырады.
Джозеф WBO Africa титулының иегері болған. Бибосыновтың әуесқой бокстағы жетістіктеріне келетін болсақ, ол екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2025) және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Біздің серіктес: Sport12kz