1 сағат бұрын
Криштиану Роналду өз мансабындағы 978 голын соқты
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду өз мансабындағы 978 голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы бұл голын сол елдің біріншілігінде «Аль-Таавун» клубына соқты.
Ойын барысында футболшы 50-минутта әріптесі Мохамед Симаханның пасынан кейін оны голға айналдыра білді. Бұл гол «Аль-Наср» командасына жеңіс алып келді.
Криштиану Роналду өз мансабында клубтық деңгейде 832 мәрте көзге түссе, қалғанын ұлттық құрама сапында өзінің еншісіне жазды.
Біздің серіктес: Sport12kz