4 күн бұрын
«Бернлидің» бас бапкері Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді
Англияның «Бернли» командасының бас бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев пен клубтың басқа да жаңа ойыншыларының ойынына баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа маусымының басталуында ойнаған екі матчтан кейін «Бернлидің» бір ұпайы бар. Кманда екінші раундта «Брэдфордтан» жеңіліп, Англия лигасы кубогынан шығып қалды. Алайда бас бапкер Сәтпаевтың ойынына риза болды.
«Дастан өте жақсы ойнады. Ол қарсыластың қақпасына қауіп төндіреді және әрқашан белсенді әрекетке ұмтылады. Бірақ бұл - алғашқы ойындар, сондықтан Дастан мен басқа жаңа ойыншыларға лиганың қарқынына толық бейімделу үшін аз уақыт қажет. Бұл бізге аз ғана уақыт қажет. Біз олардың жаттығудағы жұмысын көріп отырмыз және қазір оны алаңға шығару маңызды екенін түсінеміз» , - деді маман матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Сенбі, 29 тамызда Бернли чемпионаттың үшінші туры аясында Норвичпен бірге ойнайды. Матч 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz