13 сағат бұрын
Сәтпаев негізгі құрамда шыққан матчта «Бернли» «Норвичтен» ірі есеппен жеңілді
«Бернли» Чемпионшиптің үшінші турында сырт алаңда «Норвичке» қарсы ойнап, ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Норвичтегі «Кэрроу Роуд» стадионында өткен кездесуді алаң иелері өте белсенді бастады. «Норвич» алғашқы бес минуттың ішінде екі гол соғып, есепте алға шықты.
2-минутта «Норвич» шабуылшысы Мохаммед Туре есеп ашса, араға үш минут салып Андре Брукс командасының басымдығын еселеді.
21-минутта Туре дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. «Бернли» 27-минутта жауап голын соқты. Бұл жолы Джош Лорент мергендік танытты.
Алайда екінші таймда «Норвич» тағы бір гол соқты. 67-минутта Брукс екінші голын енгізіп, кездесудің қорытынды есебін 4:1 етті.
«Бернли» матчты он ойыншымен аяқтады. 77-минутта Лорент екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
18 жастағы Дастан Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастады. Қазақстандық шабуылшы бұл жолы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Бұл оның Чемпионшиптегі матчта «Бернлидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығуы болды.
Чемпионшиптің үш турында «Бернли» бір ғана ұпай жинап, турнир кестесінде 21-орында тұр. Ал «Норвич» үш ұпаймен 15-сатыға жайғасты.
Біздің серіктес: Sport12kz