13 сағат бұрын
Чесноков «Ахматқа» қарсы матчта қосалқы құрамда қалды
Самараның «Крылья Советов» клубы Ресей Премьер-лигасының алтыншы турында «Ахматқа» қарсы өз алаңында өтетін матчқа негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық вингер Ислам Чесноков кездесуді қосалқы құрамда бастайды. «Крылья Советов» сапында алғашқы минуттан Песьяков, Ороз, Божин, Чернов, Печенин, Рассказов, Витюгов, Горшков, Олейников, Крамарич және Рахманович алаңға шығады.
«Ахмат» құрамында тағы бір қазақстандық футболшы Максим Самородов негізгі құрамда ойнайды. Ал оның отандасы Ғалымжан Кенжебек қосалқы құрамда қалды.
Матч алдында екі команда да бес ұпайдан жинаған. Өткен турда «Крылья Советов» сырт алаңда «Акронды» 3:0 есебімен ірі есеппен жеңсе, «Ахмат» өз алаңында «Ростовтан» 4:1 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz