Матч орталығы
Сегунда Футбол Жирона Жирона 5:2 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас Ла Лига Футбол Севилья Севилья 1:3 Аяқталды Атлетико Атлетико Челленджер Чжанцзяган Теннис Хироки Мория Хироки Мория 10:10 Бүгін Григорий Ломакин Григорий Ломакин Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 17:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Премьер-лига Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Брайтон Брайтон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 18:00 Бүгін Брентфорд Брентфорд Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 18:00 Бүгін Фулхэм Фулхэм Лига 1 Футбол Париж Париж 18:00 Бүгін Ницца Ницца Бундеслига Футбол Фрайбург Фрайбург 18:30 Бүгін Вердер Вердер Эредивизи Футбол Телстар Телстар 19:45 Бүгін Аякс Аякс ЮС Опен мужчины Теннис Дино Прижмич Дино Прижмич 20:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 20:00 Бүгін Малага Малага Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 20:00 Бүгін Астана Астана Лига 1 Футбол Ренн Ренн 20:15 Бүгін Ле Ман Ле Ман Премьер-лига Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 20:30 Бүгін Ипсвич Ипсвич Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 20:30 Бүгін Шальке Шальке Серия А Футбол Наполи Наполи 21:30 Бүгін Комо Комо Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:30 Бүгін Валенсия Валенсия Суперлига Футбол Самсунспор Самсунспор 23:30 Бүгін Фенербахче Фенербахче

11 сағат бұрын

EA SPORTS FC 26: Данияр Шарабадин Қазақстан чемпионы атанды

EA SPORTS FC 26: Данияр Шарабадин Қазақстан чемпионы атанды

Астанадағы Қазақстан ұлттық спорт университетінде EA SPORTS FC 26 ойынынан киберспорт бойынша Қазақстан чемпионатының LAN форматындағы финалдық кезеңі өтті.

Жарыстың шешуші кезеңінде елдің үздік сегіз ойыншысы чемпиондық атақты сарапқа салды. Қатысушылар Ultimate Team FC Pro режиміндегі плей-офф кезеңінде бақ сынады.

Нәтижесінде Данияр «dan1k» Шарабадин барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Абылай «Abyl_Qazaqstan» Жанаберген екінші орын алса, Алишер «alish_back» Муканали үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан чемпионы атанған Данияр Шарабадин ел намысын UEFA eEURO 2026 халықаралық кезеңінде қорғау құқығына ие болды.

«Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына алғыс айтамын. Бұған дейін жарыс онлайн форматта өтетін. Биыл LAN форматында ұйымдастырылып, мен үшін үлкен тәжірибе болды. Бұл додада өз деңгейімді көрсетуге мүмкіндік алдым.

Биыл ресми турнирде екінші рет жүлдеге ие болдым. Бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Келесі маусымда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізгім келеді», – деді Данияр Шарабадин.

Киберспортшы алдағы қараша айында өтеді деп жоспарланған Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысуды көздеп отыр.

«Егер бәрі сәтті болса, қарашада Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі өтеді. Сол бәсекеге қатысып, Еуропа чемпионатында өнер көрсеткім келеді. Оған дейін тыңғылықты дайындалып, деңгейімді одан әрі көтеруге тырысамын. Қазақстанды Еурода лайықты таныстырғым келеді», – деді ол.

Айтв кетейік, UEFA eEURO 2026 турнирінің онлайн топтық кезеңі 17-18 қазанда өтеді. Оған УЕФА-ға мүше 47 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік сегіз ойыншы 12 желтоқсанда Лондонда өтетін eEURO 2026 финалдық кезеңіне жолдама алады.


Біздің серіктес: Sport12kz