30.08.2026
Андрей Ферапонтов «Қайсардың» бас бапкер қызметінен кетті
Андрей Ферапонтов Қызылорданың «Қайсар» командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Бас бапкер бұл шешімді Қазақстан Премьер-лигасындағы өз алаңында өткен Көкшетаудың «Оқжетпесінен» (2:3) жеңілісінен кейін қабылдады.
Андрей Святославович бас жаттықтырушы лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ "Ақтөбе", "Ордабасы", "Қайрат", беларустік "Рух" командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарды.
Біздің серіктес: Sport12kz