14 сағат бұрын
«Ертіс» «Ақтөбені» жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Павлодардың «Ертісі» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді.
Ойында алғашқы болып қонақтар есеп ашты. 37-минутта Артур Шушеначев «Ақтөбені» алға шығарды.
Екінші таймда алаң иелері төрт минуттың ішінде есепті өзгертіп үлгерді. Алдымен Леонардо Калил таразы басын теңестірсе, кейін Рамазан Каримов «Ертісті» алға шығарды.
Қалған уақытта есеп өзгеріссіз қалды. Ал павлодарлықтар маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Бұл матч «Ертістің» жаңа бас бапкері Ерлан Шойтымов үшін команда тізгініндегі алғашқы ойын.
Бұл жеңістен кейін «Ертіс» 20 ұпаймен 13-орынға көтерілді. «Ақтөбе» 35 ұпаймен бесінші орында қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz