Матч орталығы

15 сағат бұрын

Каспий» «Тобылға» қарсы матчта жеңіске жетті

Каспий» «Тобылға» қарсы матчта жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында Ақтаудың «Каспий» командасы өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады.

«Жас Қанат» стадионында өткен матчта төреші қызметін Астанадан келген Георгий Чеховский бастаған қазылар алқасы атқарды.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар басымдық танытқанымен, қауіпті шабуылдарды ұйымдастыра алмады. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде «Каспий» қарсы шабуылдың бірін сәтті пайдаланды. Ноа Ндомбази мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды. Нәтижесінде Каспий 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін «Каспий» 26 ұпай жинап, турнирлік кестенің 10-орнында қалды. Ал «Тобыл» 28 ұпаймен 9-сатыда тұр.


Біздің серіктес: Sport12kz