Матч орталығы

11 сағат бұрын

«Реал» «Малаганы» ірі есеппен жеңіп, Ла Лигада көш бастады

«Реал» «Малаганы» ірі есеппен жеңіп, Ла Лигада көш бастады

Мадридте Испания чемпионатының үшінші турында «Реал» өз алаңында «Малаганы» қабылдады.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ойында алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Мадридтік клуб есепті 19-минутта ашты. Джуд Беллингем қарсылас қақпасын дәл көздеді. 30-минутта Килиан Мбаппе мергендік танытты.

Бірінші тайм аяқталуға жақын қалғанда «Малага» қорғаушысы Альфонсо Эрреро допты өз қақпасына бағыттап алды.

Матчтың негізгі уақыты аяқталған сәтте Арда Гюлер есепті 4:0-ге жеткізді. Түркиялық футболшы 90+1-минутта көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Реал» үш ойында қатарынан жеңіп, 9 ұпай жинады. Реал Мадрид турнир кестесінде көш бастап келеді.

Ал «Малага» үш ойыннан кейін бір ұпаймен 18-орында тұр.



Біздің серіктес: Sport12kz