10 сағат бұрын
Владимир Чебурин «Қайсардың» тізгінін ұстай ма?
Фото: ҚФФ
Қызылордалық «Қайсар» командасының бас бапкері болуы мүмкін бірнеше үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін бұл міндетті атқарған Андрей Ферапонтов бүгін қызметінен кетті. Енді оның орнына үміткер мамандар тізімі анықталды.
Олардың арасында көш басында қазақстандық маман Владимир Чебуриннің есімі айтылуда. Ол жақында «Атырау» командасы бас бапкері қызметінен кеткен еді.
Сондай-ақ қазірге дейін бас бапкердің көмекшісі Дмитрий Карпов биылғы біріншіліктің қалған ойындарында тізгінді өз қолына алуы мүмкін.
Бас бапкер қызметінен үміткер мамандар қатарында шетелдік бапкерлер де бар.
Біздің серіктес: Sport12kz