9 сағат бұрын
Михаил Мудриктің қай командаға ауысатыны белгілі болды
Михаил Мудрик Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасына ауысуға жақын тұр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Украиналық футболшы 2023 жылдан бері Англияның «Челси» клубында ойын көрсетті. 2024 жылдың желтоқсан айында допинг қолдануына байланысты ол бір жылдан астам уақытқа спорттан шеттетілді. Биылғы жылдың тамыз айында ол қайтадан «Челси» сапына қосылды.
Жартылай қорғаушы 2018-2023 жылдары Украинаның «Шахтер» командасында ойнады.
2022 жылдан бері Украина құрамасының намысын қорғап келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz