21 минут бұрын
«Барселона» «Райо Вальеканоны» ірі есеппен жеңді
«Барселона» Испания чемпионатының 3-туры аясында «Райо Вальеканоны» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде каталониялық клуб 5:2 есебімен басым түсті. Алғашқы болып қонақтар есеп ашты — 12-минутта Серхио Камельо гол соқты.
Алайда көп ұзамай «Барселона» қатарынан екі гол соғып, есепте алға шықты. 19-минутта Рафинья, ал екі минуттан кейін Ламин Ямаль мергендік танытты.
Екінші таймның басында «Райо Вальекано» қорғаушысы Флорьян Лежён автогол авторы атанды. 59-минутта Камельо дубль жасап, айырманы қысқартты. Дегенмен кездесудің соңында Рафинья мен Ямаль тағы да гол соғып, өз дубльдерін рәсімдеді.
Осы жеңістен кейін «Барселона» тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұрған «Реал Мадридпен» ұпай санын теңестірді. Ал «Райо Вальекано» бір ұпаймен төменгі бөлікте қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz