11 сағат бұрын
Астанада ҚФФ-ның кезекті сайлау конференциясы өтеді
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті ҚФФ-ның кезекті XXXI сайлау конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іс-шара 2026 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласында офлайн форматта өтеді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелерін сайлау. Федерация Жарғысына сәйкес, ҚФФ-ның әр мүшесі сайлау конференциясында сайлану үшін Бас хатшылыққа бір кандидат ұсына алады.
Конференция жұмысына ҚФФ мүшелері - өңірлік футбол федерацияларының өкілдері, FIFA және UEFA өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz