11 сағат бұрын
ҚФФ «Аламан» және «El Clasiko» академияларымен ынтымақтастық туралы келісімге келді
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы «Батыр жолы» бағыты аясында елорданың екі жеке футбол мектебі - «Аламан» академиясы және «El Clasiko» футбол мектебімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі мектеп те «Болашақ чемпиондары» жобасы аясында ҚФФ футболшыларды даярлаудың өңірлік орталықтары мәртебесіне ие болды.
Жобаның негізгі мақсаты - өңірлердегі перспективалы футболшыларды анықтау, сүйемелдеу және дамыту. Өңірлік орталықтар жұмыс істеп тұрған клубтар, футбол орталықтары мен академиялар базасында құрылады және 2014 және 2015 жылы туған футболшылармен жұмыс жүргізеді.
Ынтымақтастық аясында ҚФФ-ның бірыңғай әдістемелік тәсілдерін енгізу, жаттықтырушыларды оқыту және дамыту, ойыншылардың даму барысын жүйелі түрде бақылау, сондай-ақ үздік футболшыларды ҚФФ академиясы мен жасөспірімдер ұлттық құрамаларына іріктеу қарастырылған.
ҚФФ орталықтардың жұмысына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, жаттықтырушыларға арналған семинарлар мен консультациялар өткізеді, сондай-ақ оқу-жаттығу процесіне мониторинг жүргізеді. Ал футбол мектептері командалардың тұрақты дайындығын, білікті жаттықтырушылар құрамын, қажетті инфрақұрылымды және ойыншылардың медициналық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысатын барлық футболшылар өз мектептерінің клубтық тиесілілігін сақтайды.
Келісімдер 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады және оларды ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Біздің серіктес: Sport12kz