11 сағат бұрын
«Оқжетпестің» сұрмергені «Ордабасыға» қарсы ойнай алмайды
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» командасының капитаны және шабуылшысы Оралхан Өміртаев алдағы 25-турдағы өз алаңында өтетін «Ордабасымен» кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Көкшетаулық команданың өткен 24-турдағы «Қайсармен» ойынында (3:2) ол гол соқты. Оған қоса сары қағаз алды. Бұл маусымдағы төртінші сары қағазы еді. Сондықтан шабуылшы алдағы ойынға қатыса алмайтын болды.
Биылғы маусымда футболшы 23 кездесуде 8 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, бір мәрте нәтижелі пас шығарып берді.
Біздің серіктес: Sport12kz