2 сағат бұрын

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында екінші кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында екінші кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипі 4-турында «Бернли» командасы сапында «Мидлсброға» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл - отандасымыздың қатысып отырған үшінші кездесуі.

Дастан Сәтпаев осы маусымда Чемпионшипте екі матч өткізіп, 123 минут алаңда болды. Оның бір ойыны негізгі құрамда басталды.

29 тамызда қазақстандық футболшы «Норвичке» қарсы ойында толық 90 минут ойнады. «Бёрнли» 1:4 есебімен жеңілген матчта Дастан Сәтпаев FotMob нұсқасы бойынша 7,4 балл алды.


Біздің серіктес: Sport12kz