28 минут бұрын
«Бернли» өз алаңында «Мидлсбромен» тең түсті
«Бернли» Сәтпаевпен бірге жеңілістен құтылды
Англия чемпионатының төртінші турында «Бернли» өз алаңында «Мидлсбромен» тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Терф Мур» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 23-минутта Эйден Моррис қонақтарды алға шығарса, 54-минутта Юго Рагубер «Бернлидің» таразы басын теңестірді.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алаңға негізгі құрамда шықты. Ол 80-минутта ойыннан ауыстырылды.
Осылайша, «Бернли» төрт турдан кейін екі ұпай жинады. Команда әзірге чемпионатта жеңіске жете алмай келеді: екі рет тең түсіп, екі рет жеңілді. Ал «Мидлсброның» еншісінде жеті ұпай бар.
Дастан Сәтпаев осы маусымда «Бернли» сапында төрт матч өткізді. Оның үшеуі Чемпионшипте, біреуі Англия Лига кубогында болды. Қазақстандық футболшы әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz