1 күн бұрын
Сәтпаев Англия чемпионатындағы матчтың үздігі атанды
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы Англия чемпионатының төртінші тур матчында үздік ойыншы деп танылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сәтпаев кездесуді «Бернлидің» негізгі құрамында бастап, 80-минутта жанкүйерлердің қошеметімен алаңнан ауыстырылды. Ойын соңында қазақстандық футболшыға матч ұйымдастырушылары арнайы жүлде табыстады.
Бұл Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы төртінші матчы болды. Оның үшеуінде қазақстандық шабуылшы негізгі құрамда алаңға шықты. Әзірге 18 жастағы футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Чемпионшиптегі төрт турдан кейін «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр. Команда келесі матчын 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz