5 сағат бұрын
Аргентина футболында Месси үшін барлық ойын тоқтатылады
Аргентина футболында Лионель Мессиге арналған ерекше акция өтеді. Елдегі келесі тур ойындары бірінші таймның 10-минутында уақытша тоқтатылып, жанкүйерлер Мессиге бір минут бойы қошемет көрсетеді.
Бұл бастаманы Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) қабылдады. Шешім ерлер мен әйелдер арасындағы барлық санаттағы футбол матчтарына, сондай-ақ футзал мен жағажай футболы ойындарына да қатысты.
Матчтың дәл 10-минутта тоқтатылуының өзіндік мәні бар. Лионель Месси Аргентина құрамасында 10-нөмірлі жейдемен өнер көрсетті.
Сонымен қатар стадионда бейнеэкран болған жағдайда, матч басталар алдында Мессиге арналған арнайы бейнеролик шығады.
Айта кетейік, Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады. Ол ұлттық команда сапында 21 жыл өнер көрсетіп, 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін құрамамен қоштасатынын мәлімдеді.
Біздің серіктес: Sport12kz