17 сағат бұрын
«Қайраттың» экс-капитаны мансабын аяқтады
Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы капитаны әрі Польша құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски кәсіби мансабын аяқтады.
33 жастағы футболшы кәсіби футболдағы жолын аяқтағанын мәлімдеді. Ол «Қайрат» сапында 2020-2022 жылдары өнер көрсетіп, 37 матчқа қатысты. Осы уақыт ішінде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осыдан кейін «Қайрат» әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Барлығы үшін рақмет, Яцек!» — деп жазды «Қайрат» клубы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Яцек Гуральски 2020 жылғы қаңтарда «Лудогорецтен» «Қайратқа» ауысқан. Ол алматылық клубпен бірге 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2021 жылы ел кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ «Қайрат» сапында УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. 2022 жылдың жазында Қазақстаннан кетіп, Германияның «Бохум» клубына қосылды. Оның кәсіби мансабындағы соңғы командасы Краковтың «Вечиста» клубы. Гуральски бұл командадан 2026 жылдың жазында кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz