12 сағат бұрын
Арқалық қаласында жаңа футзал клубы ашылды
Фото: «Қостанай таңы» газеті
Қостанай облысы Арқалық қаласында жаңа футзал клубы ашылды. Оған қала атауы берілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осыған орай футзал клубы ресми түрде таныстырылып, клубтың алдағы мақсат-міндеті, құрамы мен даму жоспары сөз болды.
Іс-шара барысында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, клуб басшысы Абай Мұқанов, директор Иманбек Айтқазин, бас бапкер Бекет Парух, капитан Нұрмұханбет Қапеновтер ой-пікірін білдірді.
Іс-шара барысында «Арқалық» футзал клубының намысын қорғайтын футболшылар таныстырылды. Ардагер спортшы Жұмағали Мылтықбай жас буын спортшыларға батасын берді.
Біздің серіктес: Sport12kz