10 сағат бұрын
«Пари Сен-Жермен» Луис Энрикеге қатысты шешім қабылдады
Фото: Championat.com
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бас бапкер Луис Энрикемен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келгенін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Испаниялық маман франциялық команда тізгінін 2023 жылдың жазында ұстады. Осы кезеңде Луис Энрике екі рет Чемпиондар Лигасын 2024/2025, 2025/2026 жылғы маусымла қатарынан екі мәрте жеңіп алса, оған қоса УЕФА Суперкубогы, үш рет Франция чемпионы атағына қол жеткізді. Сондай-ақ, команда Франция кубогын екі рет жеңіп алды.
Испаниялық бапкердің бұрынғы еңбек келісімі 2027 жылдың жазына дейін есептелген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz