Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 2:0 Аяқталды Қайсар Қайсар Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 2:2 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Лига 1 Футбол Труа Труа 2:6 Аяқталды Страсбур Страсбур Серия А Футбол Фрозиноне Фрозиноне 3:2 Аяқталды Венеция Венеция Серия А Футбол Парма Парма 1:1 Аяқталды Монца Монца Премьер-Лига Футбол Астана Астана 4:0 Аяқталды Елімай Елімай Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 0:5 Аяқталды Майнц Майнц Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 3:1 Аяқталды Ұлытау Ұлытау Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 0:5 Аяқталды Барселона Барселона Лига 1 Футбол Анже Анже 1:2 Аяқталды Ренн Ренн Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 1:4 Аяқталды Аугсбург Аугсбург Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:1 Аяқталды Челси Челси ЮС Опен, женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 2:0 Аяқталды Тэйлор Таунсенд Тэйлор Таунсенд Серия А Футбол Болонья Болонья 2:2 Аяқталды Сассуоло Сассуоло Ла Лига Футбол Малага Малага 0:0 Аяқталды Леванте Леванте Ла Лига Футбол Алавес Алавес 5:2 Аяқталды Осасуна Осасуна Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 0:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Серия Б Футбол Кремонезе Кремонезе 3:1 Аяқталды Падова Падова Бірінші лига Футбол Локомотив София Локомотив София 1:2 Аяқталды Лудогорец Лудогорец Суперлига Футбол Панатинаикос Панатинаикос 3:1 Аяқталды ПАОК ПАОК

1 күн бұрын

ҚПЛ: «Атырау» сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

ҚПЛ: «Атырау» сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХV турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл күнгі ойындарды «Қызылжар» (Петропавл) - «Атырау» командалары түйіндеді.

Турнир кестесінде петропавлдық ұжымның жағдайы тәуір десек болады. Есесіне атыраулық команда бірінші лигаға түсіп қалу қауіпті аймағында тұр. Сол себепті бүгін олар жеңіске жету кілтін іздейді. Соңғы екі матчта атыраулық клуб қатарынан қарсыластарына есе жіберіп қойды. Кездесу барысында атыраулық клубтан Риливан Рабиу 87-минутта соққан голы өз командасына жеңіс алып келді.

Осылайша «Атырау» қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде 23 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. Олар сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Ақтөбе» өз алаңында Астананың «Жеңісінен», талдықорғандық «Жетісу» Павлодардың «Ертісінен» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ бүгін сырт алаңда алматылық «Қайрат» Ақтаудың «Каспийін» 3:0 есебімен жеңсе, «Ордабасы» Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал 6 қыркүйекте «Алтай» (Өскемен) - «Қайсар» (Қызылорда), «Астана» - «Елімай» (Семей), «Тобыл» (Қостанай) - «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.



Біздің серіктес: Sport12kz