2 сағат бұрын
Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда «Валенсиямен» ойнайды
Бүгін, 6 қыркүйекте, Испания чемпионатының 4-туры аясында «Валенсия» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командалар арасындағы кездесу Астана уақытымен 19:15-те басталады.
«Барселона» алғашқы үш турдан кейін 9 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тұр. Каталониялық клуб соңғы ойынында өз алаңында «Райо Вальеканоны» 5:2 есебімен жеңді.
Ал «Валенсияның» еншісінде әзірге бір ғана ұпай бар. Команда өткен турда сырт алаңда «Депортивоға» 1:3 есебімен жол берді.
«Барселона» маусымды үш жеңіспен бастады: «Атлетикті» 2:0, «Эльчеге» 5:0 есебімен жеңіп, «Райо Вальеканоны» 5:2 нәтижесімен ұтты. «Валенсия» әзірге бір рет тең түсіп, екі рет жеңілген.
Командалардың соңғы өзара кездесуі мамыр айында Валенсияда өтіп, алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталған.
Біздің серіктес: Sport12kz