1 сағат бұрын
Лондон дербиі: «Арсенал» «Челсиді» қабылдайды
Бүгін, 6 қыркүйекте, Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында Лондонның «Арсенал» командасы өз алаңында «Челсиді» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лондондық командалар арасындағы дерби Астана уақытымен 20:30-да басталады.
Екі турдан кейін «Арсенал» мен «Челсидің» еншісінде 6 ұпайдан бар. «Арсенал» соңғы ойынында сырт алаңда «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңсе, «Челси» өз алаңында «Брайтоннан» 4:3 есебімен басым түсті.
АПЛ-дің алғашқы турында «Арсенал» «Ковентриді» 3:0 есебімен жеңіп, «Челси» сырт алаңда «Фулхэмнен» 3:2 есебімен басым түскен.
Командалардың Англия чемпионатындағы соңғы кездесуі наурыз айында өтіп, «Арсенал» өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Сонымен қатар қаңтар және ақпан айларында Англия Лига кубогында екі рет кездесіп, қос ойында да «Арсенал» жеңген (3:2 және 1:0).
Біздің серіктес: Sport12kz