6 сағат бұрын
ҚПЛ-дың 25-туры ең көп көрермен жинаған матчы анықталды
Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында сегіз матч өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тур ойындарына жалпы 49 298 көрермен жиналған.
Турдың ең көп көрермені «Қайрат» – «Каспий» (2:0) кездесуіне келген. Сәуір айында өткен матчты Алматыдағы Орталық стадионда 14 275 жанкүйер тамашалаған.
Ал турдың ең төменгі көрсеткіші «Жетісу» – «Ертіс» (1:0) матчында тіркелді. Талдықорғандағы кездесуге 1300 көрермен келген.
Қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында «Ордабасы» 24 матчтан кейін 55 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 23 ойыннан 54 ұпай жинап, екінші орында келеді. Үздік үштікті 23 матчтан кейін 45 ұпайы бар «Астана» түйіндейді.
Біздің серіктес: Sport12kz