4 сағат бұрын
Қазақстандық жас футболшыға 50 млн теңгелік ұсыныс түсті
Қарағандылық «Шахтер» келесі маусымда Премьер-лигада өнер көрсететін 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Әлихан Әлиге қызығушылық танытып, ол үшін 50 миллион теңге ұсынған, деп хабарлайды Sport12.kz сайты AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
«Кеншілер» жас футболшы үшін 50 миллион теңге төлеуге дайын болған. Алайда «Академия Оңтүстік» басшылығы ұсыныстан бас тартып, команданың негізгі ойыншыларының бірін жібермеген.
Шымкенттік клуб өкілдері футболшының болашақтағы трансферлік құны айтарлықтай өсуі мүмкін деп есептейді. Әсіресе Әлихан Әли қазіргі қарқынымен дамуын жалғастырса, оның бағасы одан әрі қымбаттауы мүмкін.
Айта кетейік, Әлихан Әли биыл Бірінші лигада нәтижелі маусым өткізіп жатыр. Ол 19 матчта 13 гол соққан. Сондай-ақ жас шабуылшы Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы.
Біздің серіктес: Sport12kz