2 сағат бұрын
35 жастағы Вейналдум жаңа клубын тапты
Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
35 жастағы футболшымен келісімшартқа отырғанын клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.
Вейналдум 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының тағы бір командасы «Аль-Иттифак» сапында өнер көрсетіп келген. Бұған дейін ол «Рома», ПСЖ, «Ливерпуль», «Ньюкасл Юнайтед», ПСВ және «Фейеноорд» клубтарында ойнаған.
Нидерланд құрамасымен бірге Вейналдум 2014 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде, ал 2019 жылғы Ұлттар лигасында күміс медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Sport12kz