5 сағат бұрын
Роналду Чемпиондар лигасының тарихи құрамына енбеді
Француздың L’Équipe басылымының тілшісі Венсан Дюлюк Еуропа чемпиондары кубогі мен Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік футболшылардан символикалық құрам жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Журналист турнирдің 1955 жылдан бергі кезеңі мен 1992 жылдан кейінгі Чемпиондар лигасы дәуірінің арасындағы тепе-теңдікті сақтаған.
Қақпашы ретінде «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Рэй Клеменс таңдалды. Қорғаныс шебіне Дани Карвахаль, Франц Беккенбауэр, Франко Барези және Паоло Мальдини кірді.
Жартылай қорғауда Лука Модрич пен Андрес Иньеста орналасса, шабуыл шебін Лионель Месси, Йохан Кройф, Джордж Бест және Альфредо Ди Стефано құрады.
Күтпеген шешімдердің бірі — Криштиану Роналдудың құрамнан тыс қалуы. Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген саналады. Ол негізгі кезеңде 140 гол соққан. Сонымен қатар Роналду 42 нәтижелі паспен де көш бастап тұр.
Роналду Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алған. Ол бір мәрте «Манчестер Юнайтедпен», төрт рет «Реал Мадридпен» бірге бас жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен қатар Венсан Дюлюк таңдаған тарихи құрамнан бірде-бір француз футболшысы орын алмады.
Біздің серіктес: Sport12kz