1 сағат бұрын
Месси мен Роналду алғаш рет бір командада ойнауы мүмкін
Goal.com басылымының ақпаратына сәйкес, Лионель Месси мен Криштиану Роналду алғаш рет бір команда сапында ойнауы мүмкін.
Бұл мүмкіндік аргентиналық футболшы Карлос Тевестің қоштасу матчында туып отыр. Тевес екі жұлдызды бір командада ойнатуды жоспарлап отыр.
Қоштасу матчы 2026 жылдың желтоқсанында Буэнос-Айрестегі «Ла Бомбонера» стадионында өтеді жоспарланған. Тевес бұл кездесуге өзінің бұрынғы әріптестері мен футбол әлеміндегі жұлдыздарды шақырмақ.
Тевес Роналдумен «Манчестер Юнайтедте», ал Мессимен Аргентина құрамасында бірге ойнаған. Енді ол мансабында бірге өнер көрсетпеген екі футбол жұлдызын бір алаңға шығаруды көздеп отыр.
Егер жоспар жүзеге асса, Месси мен Роналду алғаш рет бір команда сапында бірге ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz