Матч орталығы
Суперлига Футбол Бешикташ Бешикташ 3:0 Аяқталды Эрзурумспор Эрзурумспор Эредивизи Футбол АЗ АЗ 1:1 Аяқталды Виллем 2 Виллем 2 Бундеслига Футбол Унион Унион 1:3 Аяқталды Шальке Шальке Сегунда Футбол Бургос Бургос 3:1 Аяқталды Сеута Сеута Лига 1 Футбол Ренн Ренн 1:0 Аяқталды Марсель Марсель Серия А Футбол Венеция Венеция 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 6:0 86 Рексхэм Рексхэм Ла Лига Футбол Севилья Севилья 0:0 79 Валенсия Валенсия Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 16:30 Бүгін Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 16:30 Бүгін КПР КПР Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 16:30 Бүгін Бирмингем Бирмингем Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Ла Лига Футбол Расинг Расинг 17:00 Бүгін Алавес Алавес Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Серия А Футбол Дженоа Дженоа 18:00 Бүгін Фрозиноне Фрозиноне Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 18:30 Бүгін Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Майнц Майнц 18:30 Бүгін Айнтрахт Айнтрахт Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 18:30 Бүгін Байер Байер Бундеслига Футбол Фрайбург Фрайбург 18:30 Бүгін Боруссия Боруссия

3 күн бұрын

Футболданәйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңіне кімдер шықты?

Футболданәйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңіне кімдер шықты?

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХVІІІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турда А конференциясында сынға түсіп жатқан шымкенттік БИІК өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 7:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал В конференциясында «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 6:0 есебімен сүріндірді.

Осылайша БИІІК пен «Ақтөбе» өз конференциясында бірінші орынға табан тіреп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Сондай-ақ мұндай мүмкіндікке өз конференциясында екінші орынға табан тіреген «Томирис-Тұран» (Түркістан) мен «Жеңіс» (Астана) ие болды.

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді.

А конференциясында - 9 команда, В конференциясында - 10 команда ойнады.

Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

7 қыркүйек

А конференциясы

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Жетісу» (Талдықорған) 1:3

«Қайрат» (Алматы) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 1:2

«Атырау» - «Ордабасы» (Шымкент) 2:0

БИІК (Шымкент) - «Каспий» (Ақтау) 7:0

В конференциясы

«Елімай» (Семей) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:1

8 қыркүйек

В конференциясы

«Ақтөбе» - «Оқжетпес» (Көкшетау) 6:0

«Қызылжар» (Петропавл) - «Алтай» (Өскемен) 4:0

«Жеңіс» (Астана) - «Ертіс» (Павлодар)2:1

«Астана» - «Тобыл» (Қостанай) 2:0

Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.


Біздің серіктес: Sport12kz