6 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін «Челсиге» оралды
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін «Челсидің» Кобхэмдегі жаттығу орталығына оралып, оңалту жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
18 жастағы футболшы Чемпионшиптің «Мидлсброға» қарсы матчында сіңірінен жарақат алып, ойыннан ерте шыққан. «Бёрнли» бас бапкері Ники Хайен Сәтпаевтың бірнеше аптаға қатардан шығатынын айтқанымен, нақты мерзімін жарияламады.
Mirror Sport және football.london шолушысы Бобби Винсенттің мәліметінше, «Челси» мен «Бёрнли» қазақстандық футболшының мүмкіндігінше тезірек қалпына келуі үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Сәтпаев маусым басында «Челсиден» «Бёрнлиге» жалға өткен еді. Команда Чемпионшиптің алғашқы алты турында үш ұпай ғана жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz