5 сағат бұрын
«Твенте» «Қайратпен» матч билеттерінің бағасын жариялады
Нидерландтың «Твенте» клубы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы үйдегі матч билеттерінің бағасын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қақпа сыртындағы трибуна билеті 30 еуроға (шамамен 15 800 теңге), бүйірдегі трибуна 35 еуроға (18 500 теңге), ал Diekman трибунасы 70 еуроға (36 900 теңге) бағаланған.
Young Reds жастар бірлестігінің мүшелері үшін билет құны 12,5 еуро (6,6 мың теңге), ал балалар клубының мүшелеріне 10 еуро (5,3 мың теңге) болады.
Жеке билеттер сатылымы 24 қыркүйекте басталады. Матчқа кіру үшін «Твентенің» клуб картасы болуы міндетті.
«Твенте» — «Қайрат» кездесуі 17 желтоқсанда Энсхеде қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz