6 сағат бұрын
Қазақстандық қақпашы «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнауы мүмкін
11 қыркүйекке қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тур аясында Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы өз алаңында Әзербайжанның «Сабах» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Олд Траффорд» стадионында өтетін кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатындағы жаңа маусымның алғашқы үш матчында төрт ұпай жинады. Соңғы ойында Майкл Карриктің шәкірттері «Эвертонмен» 2:2 есебімен тең түсті.
Ал «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алды. Әзербайжандық клуб іріктеу кезеңінде Уэльстің ТНС командасын (4:1), Финляндияның КуПС клубын (3:0), Данияның «Орхусын» (5:2) және Израильдің «Хапоэль» Беэр-Шевасын (6:4, қосымша уақытта) жеңді.
«Манчестер Юнайтед» пен «Сабах» бұған дейін өзара кездеспеген.
Айта кетейік, «Сабах» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Сондықтан оның «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчқа қатысуы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz