2 сағат бұрын
«Шахтер» Нидерландта ПСВ-ға қарсы ойнайды
Бүгін, 10 қыркүйекте, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турында нидерландтық ПСВ өз алаңында украиналық «Шахтерді» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Эйндховендегі «Филипс» стадионында өтетін матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
ПСВ Нидерланд чемпионатындағы бес ойыннан кейін 13 ұпай жинады. Соңғы турда эйндховендік клуб сырт алаңда «Аякс» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Ал «Шахтер» Украина чемпионатында бес матч өткізіп, 12 ұпай еншіледі. Соңғы ойында донецкілік команда «Карпатты» 2:1 есебімен ұтты.
ПСВ мен «Шахтер» еурокубоктерде бұған дейін бір рет кездескен. 2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде нидерландтық клуб өз алаңында 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Сол кездесуде «Шахтер» матч барысында екі гол айырмасымен алда болған.
Біздің серіктес: Sport12kz