2 сағат бұрын
«Штутгарт» шабуылшысы Чемпиондар лигасында хет-трик жасап, тарихқа енді
«Штутгарт» шабуылшысы Эрмедин Демирович Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында-ақ турнир тарихына енді.
Германиялық клуб өз алаңында норвегиялық «Викингті» 3:1 есебімен жеңді. «Штутгарттың» барлық голын Демирович соқты.
Босниялық шабуылшы матчтың алғашқы 32 минутында хет-трик жасады. Ол 20, 26 және 32-минуттарда мергендік танытты. Осылайша Демирович Чемпиондар лигасы тарихындағы матч басталғаннан кейін ең жылдам хет-трик жасаған ойыншылардың үздік бестігіне кірді.
Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-триктер:
1. Роберт Левандовски («Бавария») – 23 минут
2. Марко Симоне («Милан») – 24 минут
3. Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») – 29 минут
4. Вангелис Павлидис («Бенфика») – 30 минут
5. Эрмедин Демирович («Штутгарт») – 32 минут
Айта кетейік, Чемпиондар лигасындағы ең жылдам хет-трик рекорды басқа өлшеммен есептеледі. Бірінші және үшінші гол арасындағы уақыт бойынша рекорд Мұхаммед Салахқа тиесілі – ол 2022 жылы «Рейнджерске» қарсы үш голын 6 минут 12 секундта соққан.
Біздің серіктес: Sport12kz