10.09.2026
Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы негізгі құрамда шығады
Фото: «Сабах» футбол клубы
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабах» командасы сапында футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі бірінші турында «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Стас Покатилов 1992 жылы дүниеге келген. Ол ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері 28 кездесуде 54 гол жіберіп алды. Мансабында Стас қазақстандық бірқатар клубтарда ойын көрсетті. Биылғы жылдан бері Әзербайжанның «Сабах» клубына ауысты.
Біздің серіктес: Sport12kz