6 сағат бұрын
ҚПЛ: 26-турдың ойын кестесі белгілі болды
12 және 13 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 26-турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
12 қыркүйек:
17:00 — «Каспий» – «Ақтөбе»
18:00 — «Елімай» – «Жетісу»
19:00 — «Ордабасы» – «Астана»
19:00 — «Жеңіс» – «Қызылжар»
20:00 — «Қайсар» – «Атырау»
13 қыркүйек:
16:00 — «Ертіс» – «Оқжетпес»
17:00 — «Ұлытау» – «Алтай»
19:00 — «Қайрат» – «Тобыл»
Қазіргі таңда турнир кестесінде 57 ұпаймен алматылық «Қайрат» көш бастап тұр. Шымкенттік «Ордабасы» одан екі ұпайға қалып келеді. Үздік үштікті «Астана» түйіндейді.
Ал турнир кестесінің төменгі бөлігінде павлодарлық «Ертіс» пен қызылордалық «Қайсар» орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz