2 сағат бұрын
ҚПЛ клубына екі жылға трансферлік бан салынуы мүмкін
Талдықорғандық «Жетісу» клубы қарызына байланысты жаңа мәселелерге тап болуы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE Sport12.kz-ке сілтеме жасап.
«Жетісудың» трансферлік банға қатысты жағдайы күрделене түсті. Тамыз айының басында ФИФА талдықорғандық клубқа қойылған шектеуді уақытша алып тастаған еді.
Дереккөздің мәліметінше, клубтың алдында қарызды өтеу бойынша қатаң мерзім бар. Егер «Жетісу» бүгін күннің соңына дейін 55 миллион теңге көлеміндегі берешегін өтемесе, оған қосымша 5000 еуро айыппұл салынуы мүмкін.
Ал келесі аптада жағдай одан әрі қиындай түседі. Егер клуб қарызын жаппаса, тағы 10 мың еуро көлеміндегі қаржылық міндеттемені өтеуі қажет болады.
Егер барлық берешек осы айдың соңына дейін толық өтелмесе, «Жетісуға» бұдан да қатаң санкциялар қолданылуы ықтимал. Соның ішінде екі жылға дейін трансферлік бан салу қаупі бар.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымында «Жетісу» 24 матчтан кейін 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz