Матч орталығы
Бундеслига Футбол Унион Унион 1:3 Аяқталды Шальке Шальке Сегунда Футбол Бургос Бургос 3:1 Аяқталды Сеута Сеута Лига 1 Футбол Ренн Ренн 1:0 Аяқталды Марсель Марсель Серия А Футбол Венеция Венеция 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 6:0 Аяқталды Рексхэм Рексхэм Ла Лига Футбол Севилья Севилья 1:0 Аяқталды Валенсия Валенсия Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 16:30 Бүгін Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 16:30 Бүгін КПР КПР Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 16:30 Бүгін Бирмингем Бирмингем Ла Лига Футбол Расинг Расинг 17:00 Бүгін Алавес Алавес Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Серия А Футбол Дженоа Дженоа 18:00 Бүгін Фрозиноне Фрозиноне Бундеслига Футбол Майнц Майнц 18:30 Бүгін Айнтрахт Айнтрахт Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 18:30 Бүгін Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Фрайбург Фрайбург 18:30 Бүгін Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 18:30 Бүгін Байер Байер Премьер-лига Футбол Челси Челси 19:00 Бүгін Халл Халл Премьер-лига Футбол Кристал Пэлас Кристал Пэлас 19:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич

11 сағат бұрын

Афинада 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы жағылды

Афинада 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы жағылды

Фото: Қазақстан ХОК

Грекияның Афина қаласында 2026 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының алауын жағу рәсімі өтті. Жарыс биыл Сенегалдың Дакар қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салтанатты шара тарихи «Панатинаикос» стадионында ұйымдастырылды. Олимпиада дәстүріне сай алау күн сәулесінің көмегімен жағылып, кейін Дакар ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне табысталды.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри алдағы жасөспірімдер Олимпиадасының тарихи маңызына тоқталды.

"Жақын арада Сенегалда әлемнің түкпір-түкпірінен жас спортшылар бас қосады. Бұл - Африка құрлығында өтетін алғашқы Олимпиада. Сенегал мен бүкіл Африка үшін бұл - мақтан тұтарлық сәт. Сондай-ақ Олимпиада қозғалысының тарихында жаңа әрі маңызды кезең басталады", - деді Кирсти Ковентри.

Рәсімнен кейін алау Сенегалға жол тартты. Оның Дакарға жеткізілуі 12 қыркүйекке жоспарланған. Ұшу кезінде алау арнайы шамның ішінде Олимпиада алауын күзетушілердің бақылауында сақталады.

14 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Сенегал аумағында «Pass the Energy» («Қуатыңмен бөліс») ұранымен алау эстафетасы өтеді. Эстафета бағыты елдің барлық 14 өңірін қамтып, 30-дан астам кезеңнен тұрады. Оған жас спортшылар, мектеп оқушылары, мәдениет өкілдері мен жергілікті қауымдастық мүшелерін қоса алғанда, жүздеген адам қатысады.

Эстафета аяқталғаннан кейін алау Дакарға қайта жеткізіледі. 31 қазанда Диамниадиодағы Абдулай Вад атындағы стадионда өтетін ашылу салтанаты кезінде жасөспірімдер Олимпиадасының қазаны жағылады. Кейін алау Corniche West жағалауына жеткізіліп, жарыс аяқталғанға дейін сонда сақталады.

Еске сала кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Жарыстар Дакар, Диамниадио және Сали қалаларындағы үш кластерде ұйымдастырылады. Ойындарға әлемнің әр елінен шамамен 2700 жас спортшы қатысып, 25 спорт түрінен бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 - жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының төртіншісі. Сонымен қатар бұл - Африка құрлығында өтетін тарихтағы алғашқы Олимпиада ойындары.


Біздің серіктес: Sport12kz