22 сағат бұрын
«Ертіс» ҚПЛ-дағы орнын сақтап қала ала ма?
Павлодарлық «Ертіс» клубының қорғаушысы Руслан Юденков Қазақстан Премьер-лигасында қалу үшін күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
– Бұл Қазақстандағы бесінші жылым. Осы тұрғыдан алғанда, тек «Қайсарда» жүргенде жағдай тыныш болды. Ол жерде мүмкіндігінше жоғары көтерілу үшін күрестік. Меніңше, ол кезде өте мықты құрам болды. Егер сол команданы сақтап қалғанда, жақсы нәтиже көрсетуіміз мүмкін еді (күлімсіреп).
Өткен жылы «Атыраудағы» кезеңім өте эмоцияға толы әрі керемет болды. Бірақ тағы да құрамды сақтап қалуға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан, мүмкін емес дүниені жасадық.
Қазір нақты аутсайдер жоқ сияқты. Бірақ бәрі өз қолымызда. Біз бірігуіміз керек. Жанкүйерлер, қала басшылығы, клуб жетекшілері – бәріміз осы команда Премьер-лигада қалу міндетін орындай алатынына сенуіміз қажет.
Алдымызда жеті ойын қалды, оның төртеуі өз алаңымызда өтеді. Сондықтан бұл күресте қала тұрғындары мен жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды рөл атқарады, – деді футболшы.
Қазір «Ертіс» үшін әр ұпай маңызды. Команда ҚПЛ-да қалу үшін соңғы жеті матчта барынша нәтижелі өнер көрсетуі тиіс.
Біздің серіктес: Sport12kz