17 сағат бұрын
«Қайсар» қазақстандық бапкердің көмегіне жүгінетін болды
Қазақстандық бапкер Асқар Қожабергенов Қызылорданың «Қайсар» командасы бас бапкерінің кеңесшісі қызметіне келуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды. Онда тәжірибелі маманның Қызылордада өткен «Қайсар» - «Атырау» кездесуінде стадионда болғаны жөнінде айтылған. Қызылордалық клуб ел біріншілігіндегі алдағы бес ойында білікті бапкерді кеңесіне сүйенуді жоспарлап отыр.
«Қайсардың» баспасөз қызметі Асқар Қожабергеновпен келіссөз жүріп жатқанын растады. Десе де әлі толық шешім қабылдана қойған жоқ екенін атап өтті.
Асқар Қожабергенов 1965 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген. 2001 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. 2011 жылы Талдықорғанның «Жетісу» командасы директоры болған тұста жергілікті команда ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. 2024 жылы Алматының «Хан тәңірі» клубының бас бапкері болды.
Футболшы мансабында қорғаныс шебінде ойнаған ол 1983-1999 жылдары қазақстандық клубтардың намысын қорғады.
Айта кетсек, Қазақстан Премьер-лигасы 26-турында «Қайсар» өз алаңында «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz